Банк туралы мәлімет

«Qazaq Banki» акционерлік қоғамы заңды және жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетуге маманданған коммерциялық банк болып табылады. Банк әмбебап банкке тән түрлі қызметтер ұсынады.

Банктің филиалдар желісі 7 филиалдар мен 14 бөлімшелерден тұрады, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз,  Шымкент, Қаскелең қалаларында орналасқан.

Банктің акционерлер құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалары кіреді.

Банк Қазақстан қор биржасының (KASE), «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры» (KDIF), Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының (AFK) мүшесі, ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру көлемінде, Қазақстандық Банкаралық Есепайырысу Орталығы» РМК(KISC), «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (1CB), Дүниежүзілік Банкаралық Қаржылық Телекоммуникация Қауымдастығының (SWIFT) серіктесігі болып табылады.
 
Үәкілетті мүшесімен Банк қызметтерін жүзеге асыру Лизензиясында анықталған негізгі Банк қызмет крсету түрлері:

  • салымдарды қабылдау, жеке және заңды тұлғаларға шот ашу және оны жүргізу;
  • жекеленген банк қызметтерін өндіретін банктер және ұйымдардың корреспондеттік шоттарын ашу және оны жүргізу;
  • кассалық операциялар;
  • аударым операциялары (жеке және заңды тұлғалардың аударым жөніндегі тапсырмаларын орындау);
  • несие бойынша операциялар, лизингтік қызмет көрсету;
  • құжаттамалау операциялары (аккредитивтер,  кепілдіктер, үшінші тұлғалар үшін кепілгерлік);
  • шетелдік валюта айырбастау операцияларын жүргізу;
  • меншіктік құнды қағаздардың эмиссиясы, факторинг және форфейтинг операцияларын жүргізу;
  • вексель және басқа да борыштық міндеттемелерді есептеу (дисконт);
  • лизингтік қызметті жүзеге асыру;
  • клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызмет көрсету.